Диспетчерлер тұрғындардың қоңырауын қабылдап үлгерер емес. Тәулігіне мұнда 260-тан астам шағым келіп түседі екен. Басым бөлігі жеке сектордан.
Мамбет Мұқанов- Петропавл қаласы тазарту, су бұру және су өткізу құрылымдарының директоры:
– Шамамыз келгенше барамыз. Бір рет келіп алып кетеді. Кейін машиналар өзгелерге барады. Су бір жол салып алса, оны тоқтата алмайсың. Жертөлеге келген суды да су басты дейді. Соған да барамыз. Ол онда грунтовый сулар да келеді. Мына үйлер жарайды, ана үй асфальт деңгейінен де төмен. Әрине барады су.
Коммуналдық кәсіпорындағылар күшейтілген тәртіпте жұмыс жасап жатыр. 100-ден артық адам мен 30-ға тарта техника тәулік бойы еңбектенуде. Бірақ қалада көлшік сулар азаяр емес. Жұмысшы кентінде қызыл су ағатын арық таппай, көшеге жайылып кеткен. Тасқын су коммуналдық кәсіпорын өкілдеріне ауыздықтатар емес.
Мағжан Ахмадина- тілші:
– 8 наурыз көшесі бойындағы 9 үйдің жағдайы мүлде мүшкіл. Ең алдымен баспана ауласына кіру үшін, жолға төселген мынадай тақтайшаларды басып өту қажет. Оның өзінде абайламасаң, құлап кетуің мүмкін.
Бұлай өтткеннің өзінде де, су деңгейі тобығыңа дейін жетеді. Сонда тақтай болмаса, оның қаншалықты екендігін пайымдай беріңіз. Әйтеуір, осылай аулаға кіресің. Бірақ мұнымен барлық қиындықтар бітпейді. Өйткені үйдің іші де суға толып тұр.
Эдуард Сапаев- Жұмысшы кентінің тұрғыны:
– Күнде 200 шелектен су шығарамын. Енді ол баспанаға кіргесін қойып, коммуналдық қызметті таңертең шақырдым. Жаңа келіп тұр. Оның өзі бір ғана машина. Үйдің маңы түгел су. Сондықтан бұл көлік көмек бола ма? Білмеймін. Су ағарлардың барлығы қатып қалған. Не істерімізді де білмейміз.
Баспана иесі биыл мұндай жағдай алғаш рет болып отыр дейді. Өйткені қыста коммуналдық қызметтер қарды мүлде шығармаған. Мамандардың бұған айтар өз уәжі бар.
Мамбет Мұқанов- Петропавл қаласы тазарту, су бұру және су өткізу құрылымдарының директоры:
– Біреуі де қолдарына күрек алып жұмыс істегілері келмейді. Жасы да, кәрісі де. Барлығы акимат келіп істейді деп қарайды да отырады.
Мамандар тұрғындар өздері де қыс уақытында ауласынан қар шығару жұмыстарын жүргізсе, мұндай жағдай орын алмас еді дейді. Бүгіндері коммуанлдық қызметтерге құтқарушылар да көмекке келген. Оларда жедел штаб құрылып, қызыл сумен күрес шараларына кірісіп кеткен.
Дмитрий Растихин- Петропавл қаласы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:
– Біз тұрғындармен кездесіп осындай жағдайдың болатындығын ескертіп, қар шығару жұмыстарын жүргізу керектігін айтқан болатынбыз. Көбі кеңестерге құлақ аспайды. Кейін су басқанда ғана, естеріне алады. Оның үстіне жеке сектордағы кей үйлер ескі, жерге кіріп барады. Ондай баспаналарға әрине еріген қар суы кіреді. Сондықтан халық өздері де көмектессе жақсы болар еді.
Биылғы жылы қызыл сумен күреске қала әкімдігі 13 млн теңгеден астам қаржы бөлген.
Мағжан Ахмадина