МТРА жаңалықтары

СҚО әділет департаменті электронды сауда-саттық алаңында 1 млрд теңгенің мүлкі сатылды

Ардақ Қалкенов – СҚО әділет департаменті заңды тұлғалардан өндіріп алу бойынша бөлімінің аға сот орындаушысы:

-Біздің бөлім жеке кәсіпкерлермен, жауапкершілігі шектеулі серіктестік иелерімен жұмыс жасайды. Олар көбіне өз қызметкерлеріне жалақы бере алмай жатады. Одан жұмысшылар сотқа көмекке жүгінеді. Осылайша, кейбір кәсіпкерлердің заттары электронды аукционда саудаланады. Бүгінде біздің бөлімде ең үлкен қарыз сомасы 38 млн теңгені құрайды.

Ал аукционнан мүлікті кез келген адам сатып ала алады. Бар болғаны аталған сайтқа тіркеліп, тауар сомасының 5 пайызын меншік иесіне берсеңіз болғаны. Айту керек, жыл басынан біздің өңірде 10 аукцион өткізіліп, 9 млн теңгенің саудасы жасалған.

Ардақ Қалкенов – СҚО әділет департаменті заңды тұлғалардан өндіріп алу бойынша бөлімінің аға сот орындаушысы:

-Негізінен аукционға үйлер мен пәтерлер, жер учаскелері мен нысандар, салынып жатқан ғимараттар мен көліктер салынады. Мүліктің бағасы меншік иесімен келісіліп қойылады. Кейін шыққан табыс борышкердің қарызын өтеуге жұмсалады.

Жалпы, бұл жүйе елімізде осымен екінші жыл қатарынан жұмыс істеуде.

 

Айгерим Ержанова