Спорт

“Құлагер” ХК ойыншылары ардагер хоккейшілермен жолдастық кездесу өткізді

Келесі ойындар ептілікке, мергендікке арналды. Алдымен хоккейшілер имек таяқпен ауада шайбаны қағып бақ сынады. Ал, кейін үшінші сайыста спортшылар бір-бірінің қақпасын буллит соққылары арқылы көздеді.

Бұдан соң жанкүйерлер көптен күткен жолдастық кездесуге де кезек келді. Мұз айдынға “Құлагер” ХК ойыншылары ардагер хоккейшілермен араласа шығып өнер көрсетті. Матч бірінші минуттардан қызықты басталды. Достық ойыны болғандықтан спортшылар күшке салмай, жеңіл бәсеке ұйымдастырды.

Александр Иванов – “Авангард-СК” ХК ардагер хоккейшісі:

-Бүгін біздер үшін үлкен мереке. Ардагер хоккейшілер мұз айдынға тағы да шығып, жерлестерінің алдында өнер көрсетпек. Осы ретте құлагерлік жігіттерге алғысымды айтамын. Оларды чемпионаттағы үшінші орындармен құттықтаймын.

Көп кешікпей кездесудегі алғашқы гол да соғылды.

Ойыннан жас коккейшілердің белсенділігі білініп-ақ тұр. Алайда, ардагерлер де тәжірибенің арқасында намысты қолдан бермеуге тырысуда. Бұл кездесуде бізге қажеті жеңіс емес. Тек, аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, жанкүйерлерге тамаша көңіл күй сыйлау дейді, “Құлагер” командасының қорғаушысы Кристапс Ниманис.

Кристапс Ниманис – “Құлагер” ХК қорғаушысы:

-Менің ойымша мұндай кездесудің біздер үшін пайдасы мол. Өйткені, ардагерлермен ойнап тәжірибе алмастырамыз. Жанкүйерлер де бұдан жақсы әсер алады деп ойлаймын.

Ойын соңында хоккейшілер тең түсіп, матчты 14:14 есебімен аяқтады.

 

 

Култанов Байболат