Құқық қорғау органдары

Петропавлда байланыс жүйесі кабельдерін ұрлаған 2 күдікті ұсталды

Балабек Жахин, Петропавл қалалық ІІБ екінші полиция бөлімінің бастығы:

-Кабельдерді ұрлады деген күдікпен Петропавл қаласының 20 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олар жұмыс істемейді және тұрғылықты мекен жайлары жоқ. Тергеу жүргізу барысында олардың бұрын сотталмағандығын білдік.

Ұрлық сәтінде күдіктінің бірі түнде бағанаға өрмелеп шығып, кабелдерді балтамен қиып, сыртқы қабатын күйдіріп отырған. Осылайша, олар түсті металдарды арнайы қабылдау орындарына тапсырып, оңай олжаға кенеліп отырған.

Балабек Жахин, Петропавл қалалық ІІБ екінші полиция бөлімінің бастығы:

-Қалалық ІІ басқармасына кабелді ұрлау фактісі бойынша “Қазақтелеком” АҚ-нан 10 шағым келіп түсті. Аталмыш іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілмек. Егер күдіктілердің айыбы расталса, олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бүгінде шығын есептелді. Мамандардың айтуынша, әрбір ұрлықтан компанияға
60 мың теңге залал келтірілген. Күдіктілер 500 метр кабельді қолды қылған екен. Әзірге, олар 6 ұрлыққа қатысы бар екендерін мойындап отыр.

Берік Қасен