Білім

Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті “Зерде” байқауынан жүлделі оралды

Дарина Батенова – Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті:

-Оқушылардың көбі демалыстарын Түркия мен Нидерланды елдерінде өткізгісі келетіндігін жасырмады. Қазақстанда туризм саласының кенжелеп қалғандығын тілге тиек етіп, демалыс орындарындағы қызмет құнының бағасы өте қымбат екендігін ашық айтты. Және олар еліміздің көрікті жерлері мен демалыс орындары жайлы ақпараттың аздығын айтуда.

Ботагөз Артымбаева – жоба жетекшісі:

-Мұнымен қоса Дарина Батенова ЭКСПО қалашығы туралы бейнеролик әзірлеп, жұмысын ғаламторға салған. Оны В контакте желісіндегі парақшасында 500-ден астам адам көріпті. Олардың арасында Германия, Белорусия елдерінің азаматтары да бар. Дарина Батенова осылайша шетелдік туристердің қызығушылығын оятпақшы.

Жақында “Зерде” байқауында Дарина Батенованың бұл жобасын қазылар алқасы 40 жұмыстың ішінен таңдап алып, 3-ші орын берген.
Мұнымен қоса Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенттері Астана қаласында өткен VI наурыз кездесулеріне қатысып келді. Жерлестеріміз онда мамандар назарына жел генераторының автоматтандырылған механизімін ұсынған.

Фарит Муратов – Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті:

-Астана қаласындағы оқушылар слетінде жел генераторының автоматтандырылған механизмін көрсеттім. Оны мен сыныптасым Нұрлан Тұрғұмбаевпен бірге ойлап таптым. Мына датчиктер арқылы генератордың жылдамдығын өзгертіп отыруға болады. Жел қатты болғанда мына қалқаншалар өздігінен жабылады.

Жерлестеріміз осы жобасымен үшінші орынға ие болды. Алдағы уақытта оқушылар жел генераторының механизмін жетілдіріп, тәжірибе жүзінде сынап көрмекші.

Берік Қасен