МТРА жаңалықтары

Кәсіподақ ұйымдары еңбек заңнамасын талқылады

Мейрам Қажыкен – ҚР кәсіподақтар қауымдастығы оқыту, зерттеу және дауларды реттеу орталығы директорының міндетін атқарушы:

-Жаңа еңбек кодексіндегі 32 бап әлеуметтік-әріптестікке, ұжымдық шартқа бағыт беріп отыр. Жұмыстағы қатынастар барлығы осы ұжымдық шартта болуы керек. Жаңа Еңбек кодексінің ерекшелігі сол осы ұжымдық-шартты жоғарыға көтеріп отыр. Ол қазір нормативтік акті. Жұмыс берушіге көп құқық берілген. Бірақ заң қандай болса да, ең алдымен оны дұрыс қолдана білу керек.

Мамандар бізге келмес бұрын еліміздің өзге де аймақтарында болып осындай семинарлар өткізген. Тұрғындардан сауалдар көптеп түсуде дейді. Олардың көбі еңбек ақысын өтеу және жұмыстан босатуға қатысты туындайтын көрінеді. Сұрақтарға жауап бірден залда беріледі. Сондықтан, семинарға қатысушылар мұндай жиындардың пайдасы зор деп отыр.

Береке Шопенова – «Қазпошта» АҚ кәсіподақ ұйымының төрайымы:

-Бізге жаңа Еңбек кодексінің нормалары мен қағидалары түсіндірілуде. Бүгінгі іс-шараға өзіміздің көкейімізде жүрген сауалдарды жолдап, соған жауаптар алып жатырмыз.

Кәсподақ ұйымдарының келесі жиыны Ақмола облысында өтпек.

 

Магжан Ахмадина