Спорт

Теріскейлік жеңілатлетші Сергей Харламов паралимпиада ойындарына қатысуы мүмкін

Сергей Харламов – мүгедектер арасында халықаралық спорт шебері:

-Мен 200 метрге жүгіруде бірінші болып келдім. Ал 100 метрде – екінші. Ұзындыққа секіруде паралимпиада нормативін орындадым. Енді Қытайда өтетін жарыстарда жеңіске жету үшін жаттығу үстіндемін.

Жалпы 4 жылда бір рет өтетін жаһандық жарысқа Сергей Харламов қатысқан болатын. 2012-ші жылы Лондондағы Паралимпиада ойындарында жерлесіміз ұзындыққа секіруден ақтық сынға өтіп, үздіктердің сегіздігіне енген.

Елена Парфенова – Сергей Харламовтың бапкері:

-Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған жарыстар Рио-де-Жанейрода өтетін паралимпиада ойындарына іріктеу болып табылады. Онда Сергей 7 адамнан сайысатын дәрежеде өнер көрсетті. Нормативті орындағанымен әлі де болса лицензияға қол жеткізген жоқ. Ол үшін тағы бірнеше жарыстарда сәтті өнер көрсетуі қажет.

Дубайдағы 49 мемлекеттің спортшылары қатысқан жарыста Қазақстанның намысын үш отандасымыз қорғады. Оның сапында солтүстіктен тек Сергей Харламов қана болды. Жалпы Паралипиада ойындарына лицензияны ұтып алу өте қиын. Ол мүмкіндікті иелену үшін жерлесіміз енді сәуір айының ортасында Қытайда өтетін сайыста жеңіске жетуі қажет.

 

 

Риат Шони