Спорт

Петропавлда шайбалы хоккейден облыс әкімінің жүлдесіне арналған жарыс аяқталды

Владимир Василаш – “Авангард” командасының капитаны, Петропавл қаласы:

-Біздің құрама жігіттерінің арасында ойын кезінде өзара түсіністік бар. Үнемі жаттығу жасап тұрамыз. Соның арқасында да жеңіске жеттік деп есептеймін. Бүгінгі жарыста жеңімпаз атанғанымызға қуаныштымыз.

Екінші орынға тігілген 200 мың теңгені Қызылжар ауданының құрамасы иеленді. Ал, үздік үштікті аққайыңдық хоккейшілер түйіндеді. Оларға 100 мың теңгенің сертификаты берілді.

Аталған жарыс Петропавлда алғаш рет өтті. Сайыстың бір ерекшелігі бәсекеде күш сынасқан хоккейшілер әуесқой спортшылар болып табылады.

Руслан Есеналин – СҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы:

-Шайбалы хоккей өңірімізде жыл артқан сайын дамып келеді. Бүгінгі жарыс – соның айғағы. Командалар тартысты ойын көрсетті. Қазір облысымызда бұл спорт түрімен айналысуға ниет еткендердің дені – жастар. Осыдан-ақ шайбалы хоккейдің теріскей жерінде болашағы жарқын болатындығына сенімдімін.

Айта кеткен жөн, шайбалы хоккейден облыс әкімінің жүлдесін арналған жарыс қаламызда үш айға жалғасқан болатын. Додада өңіріміздің 8 команасы бақ сынады.

 

Култанов Байболат