Спорт

Өңірде әскерилер арасында Президенттік көпсайыстан ашық біріншілік өтуде

Саят Ерғалиев – ҚР ҰҰ Әскери институтының курсанты:

-Сайысқа бірнеше ай бойы дайындық жүргіздік. Қарудан нысанаға оқ атуға бала кезімнен әуес едім. Спартакиадаға алғаш рет қатысқандықтан біраз қобалжу болды.

Жалпы Ұлттық Ұланның орталық қолбасшылығының тапсырмасына сәйкес ел өңірлерінде жыл бойына спорттың сан түрінен жарыс өткізіліп, әскерилер дайындықтарын пысықтап тұрады. Солтүстік Қазақстан облысында жауынгерлер қысқы Президенттік көпсайыстан, соның ішінде қарудан оқ атудан, шаңғы тебу мен белтемірге тартылудан күштерін сарапқа салуда.

Бауыржан Досжанов – ҚР ҰҰ Әскери институты дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы:

-Жарыстың мақсаты – әскерилер арасында қысқы спорт түрі Президенттік көпсайысты дамыту мен әскери-қолданбалы спорт түрлерін өркендетуге бағытталған. 3 күндік жарыс барысында пневматикалық қарудан оқ атудан, енді белтемірге тартылудан сынға түседі. Соңғы 3 күні шаңғымен жарысқа түседі.

Үздіктер қатарынан көрінгендер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал келесі кезекте сарбаздар сәуір айында Ақтөбе қаласында самбодан шеберліктерін көрсетулері тиіс.

 

 

Бакыт Садуакасов