МТРА жаңалықтары

Шілденің 1-нен жер телімі аукционда 50 пайыздық жеңілдікпен сатылады

Есенгелді Қарбаев – СҚО жер қатынастары басқармасының басшысы:

-Былтырғы жылы облыстық әкімдікпен мәслихат өткізіп, сол жерде жердің құнын бекіттік. 1-ші қаңтардан бастап Петропавл қаласында 1 шаршы метр жердің құны – 1746 теңге. Оның алдында 1270 болатын. Енді жер сатамын десеңіз осы бағамен саудалауға болады.

Жыл басынан бері жергілікті бюджет жерді жалға беру мен жер салығының есебінен 2 млрд теңгеге толыққан екен.
Сондай-ақ, мамандар жылына бірнеше мәрте тексеріс шараларын ұйымдастырып, жер заңнамасының орындалуын қадағалайды. Мәселен, былтыр талаптардың сақталмауына байланысты 266 факті тіркелген.

Мейрам Меңдібаев – СҚО жер инспекциясы басқармасының басшысы:

-2015 жылы 951 мың гектардан астам жерде 266 заңбұзушылық тіркелді. Оның 223-і бойынша әкімшілік шара қолданылды. Жалпы сомасы 21 мың 707 теңге болатын 195 айыппұл салынды. Бүгінде оның 114-і өндіріліп алынды. Сондай-ақ, тексеру барысында пайдаланылмай жатқан 906 мың га астам жер телімі анықталды.

Сонымен қатар, қала тұрғындары тарапынан жергілікті әкімдікке жеке үй салу мақсатында жер телімін бөлу үшін өтініштер келіп түскен. Бүгінде олардың саны тек Петропавл қаласы бойынша ғана 5200-ді құрап отыр.

Есенгелді Қарбаев – СҚО жер қатынастары басқармасының басшысы:

-Бүгінде жеке тұрғын үй салу үшін де тұрғындар өтініш жазуда. Бұл мақсатта Солнечный кентінен 359 га жер бөлінді. Бірақ, ол жақта әзірге коммуникацияларды тарту жұмыстары қарастырылуда.

Жалпы өңіріміздің жер аумағы 9 мың 800 гектардан асады. Оның 8 мыңнан астамы – ауылшаруашылығы үшін қолайлы жерлер.

 

Айгерим Ержанова