Мәдениет

Петропавлда сирек кездесетін кітаптар көрмесі өтті

Юлия Пискунова – С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың анықтама-библиография бөлімінің басшысы:

-Бүгінгі көрмеде 200-ден аса кітап бар. Бұл өте сирек кездесетін туындылар. Тіпті, ескі еңбектерді талдай келе кей деректерге таң қалдық. Көне кітаптарды оқи отыра сол кездегі жазушылардың шығармашылығын, бұрын соңды біле бермейтін ақындардың өлеңдерімен танысуға болады.

Сирек кітаптардың арасында ислам діні жайлы 15-тен аса еңбекті кездестіруге болады. Мәселен, мына құран аяттары жазылған туынды 1883 жылы Қазан қаласында басылған екен. Оны “Қызылжар” орталық мешітінің кітапхана ұжымы адамдардың рухани байлығын арттыру үшін көрмеге әкелген.

Аян Алыпқашев – Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы:

-Құран кітаптарының көбісі ескі. Қазіргі күні өте сирек кездеседі. Олардан адамдар мол білім ала алады.

Мына бұрыштағы еңбектер тұрғындар үшін тіптен қызық. Өйткені бұл жерде әлемнің бірнеше тіліндегі сөздіктер бар.

-Сирек кітаптар көрмесінен 19, 20-сыншы ғасырдағы аудармашылардың еңбектерінде кездестіруге болады. Мәселен мына туынды 1907 жылы басылған екен. Онда құран кітабы орыс тіліне айна-қатесіз аударылған.

Жалпы қазір С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада көне 3000 мыңнан артық еңбек бар. Ал, сирек кітаптар көрмесін жерлестеріміз бүгін ғана көре алады.

 

 

Култанов Байболат