Білім

Петропавлда Республикалық олимпиаданың 4 кезеңі басталды

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Сіздерді республикалық пәндік олимпиаданың ашылуымен құттықтаймын! Биыл біздің еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесін атап өткелі отыр. Ел жастары қашанда мемлекеттің қалыптасуына өз үлестерін қосып келеді. Сіздерге Елбасы үлкен сенім артып отыр. Баршаңызға жарыста сәттілік пен мол табыстар тілеймін.

Білім сайысында 9-11 сыныптардың оқушылары 9 пәннен сынға түседі. Олар: қазақ тілі, орыс тілі, әдебиет, ағылшын, неміс, француз тілдері, Қазақстан тарихы мен құқық негіздері.

Марина Фалеева – Дарынды балаларға арналған Қазақ-түрік лицейінің оқушысы, Павлодар қаласы

Асылжан Балатұрсынов – Дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-лицей оқушысы, Алматы қаласы

Азим Нұрберген – Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы, Орал қаласы

Білім додасына барлығы 700 оқушы қатысады. Оның 36-сы солтүстікқазақстандық балалар. Республикалық олимпиада 5 күнге жалғасады.

 

 

Бакыт Садуакасов