Денсаулық сақтау

Өткен аптада 402 адам көктайғақтан зардап шеккен

Валентина Анопко – қала тұрғыны:

-Көшелер көктайғақ. Қардың асты мұз. Жүру, тіпті мүмкін емес. Бүгін абайсызда құладым. Бұлайша ауыр жарақат аламын деп ойламадым. Енді гипспен үйде 3-4 апта жүремін.

Көшедегі көктайғақтан зардап шегушілердің саны күн санап артуда. Мәселен, бүгін дәрігердің қарауына 26 жерлесіміз жүгінген. Оның 11-інің қолы немесе аяқтары сынған екен. Ал, соңғы мереке күндері ақ халаттылар 402 адамға ем көрсеткен. Білікті траматолог Валерий Грибашов тұрғындар жарақат алғанда үйде жатпай ауруханаға келіп қаралғаны дұрыс дейді.

Валерий Грибашов – 3-ші қалалық аурухананың жарақат зардабын емдеу пунктінің меңгерушісі:

-Үйде отырып ем қабылдағанның қажеті жоқ. Өйткені, осы уақытта сіздің жарақатыңыз асқынып кетуі мүмкін. Ал, содан кейін сіздерге көмек көрсету қиын. Қандай жағдай болмасын дәрігерге жүгініңіздер.

Қазіргідей көктайғақта дәрігерлер тұрғындарға абайлап жүруге кеңес береді.

-Иа, таңертен өте тайғанақ. Күндіз аздап ериді.

-Көшедегі мұздан таңертеңгілік жүре алмайсың. Тіпті, үйдің алдындағы дүкенге барудың өзі қиын.

Жалпы жыл басынан 3-ші қалалық аурухананың жарақат зардабын емдеу пунктіне 4 жарым мыңға жуық адам қаралған. Олардың 50 пайызы көктайғақта құлап, зардап шеккен.

 

 

Култанов Байболат