МТРА жаңалықтары

Өңірімізде жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Ескен Әкімжанов – СҚО қаржы басқармасының басшысы:

-Облыс аумағында 227 квазимемлекеттік сектор субъектісі тіркелген. Аталмыш субъектілерге 2014 жылы 796 млн теңге бөлінсе, былтыр бөлінген қаражат бұл сомадан аздау болды. Өткен жылы елімізде енгізілген мораториийге сәйкес, аталған мекемелерде қаражаттың тиісті мақсатқа жұмсалуы тексерілген жоқ.

Бұдан кейін шаһар басшысы Марат Тасмағанбетов қалалық әкімдік жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысын қорытындылады.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

-2015 жылы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 4 отырысы өтті. Қала әкімдігі тұрғындарға баспана мен жерді үлестіріп беруде ешқандай заңбұзушылықтарға барған жоқ. Тұрғындарға қажетті ресми мәліметтердің барлығы қала әкімдігінің сайтында жарияланған.

Былтыр “Нұр Отан” партиясының Қызылжар аудандық филиалы 49 адамды ғана қабылдаған. Жиында өңір жетекшісі бұны қатты сынға алды. Аудандарда қоғамдық қабылдауларды жиірек өткізіп, тұрғындардың өтінішін жерге тастамауды ескертті.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Аудандардағы интернет-ресурстардағы мәліметтер жаңартылмаған. Сайттардағы жемқорлыққа қарсы нормативтік құжаттардың жаңа нұсқасы орналастырылмаған. Үстіміздегі айда интернет ресурстарыңызды тағы бір қарап шығып, жаңа мәліметтерді орналастырыңыздар. Бұл аудан әкімдеріне қатысты.

Жиын соңында өңір жетекшісі облысымызда жемқорлық фактілерін болдырмау үшін ведомство басшылары мен аудан әкімдеріне жүйелі жұмыс істеуді тапсырды.


Берік Қасен