МТРА жаңалықтары

“Цеснабанк” АҚ СҚФ Наурыз мейрамында теріскейліктерге тарту-таралғы әзірледі

Мұнда сондай-ақ, банк клиенті атанған бокстан облыстық БЖСМ директоры Нұрлан Әбдірахмановқа арнайы карта табыс етілді. Онда “Цеснабанк” АҚ ресми серігі – кәсіпқой бокстың WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин бейнеленген. Карточкның ерекшелігі – онымен халықаралық төлемдерді де жасауға болады. Яғни, шет мемлекеттердің банкоматтарынан да өз есеп шотыңыздағы ақшаны түсіріп алуға болады.

Нұрлан Әбдірахманов – бокстан облыстық БЖСМ директоры:

– “Цеснабанк” АҚ-на пластикалық картаны сыйға тартқанына алғысымды білдіремін. Онда ел намысын халықаралық ареналарда сәтті қорғап жүрген “GGG”, яғни Геннадий Головкин бейнеленген. Мұндай әдіс қазақстандықтардың көбін спортқа тартады деген сенімдемін. Жақсы бастама.

Банк қызметкерлері Ұлыстың Ұлы күні орталық алаңда тұрғындарға тегін бауырсақ пен көже таратты. Мерекеге келген халық қаржы институтының тарту-таралғысына ризашылығын білдіріп жатты.

Александр Странников

– Барша жұртшылықты көктемнің шуақты мерекесі – Наурызбен құттықтаймын. Мынандай тамаша сыйлықтары үшін “Цеснабанк” қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Жұмыстарында табысқа жете берсін.

Бұл күні “Цеснабанк” қызметкерлері теріскейліктерге арнап 200 келі бауырсақ пен 100 литр Наурыз көже әзірлеген екен.

Салтанат Кажекова – “Цеснабанк” АҚ СҚФ директорының орынбасары:

– “Цеснабанк” АҚ СҚФ жыл сайын қала тұрғындары мен қонақтарына Наурыз мерекесі күні бауырсақ пен көжені тегін таратады. Бүгін де сол игі дәстүрімізді жалғастырдық. Халық сыйлықты үлкен қуанышпен қабылдады. Кішкентай балаларға шарлар тараттық. Наурыз баршамызға құтты болсын.

Риат Шони