МТРА жаңалықтары

Петропавлда қалалық мәслихаттың депутаттары таныстырылды

Евгений Мамыкин – Петропавл қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Депутаттар Петропавл қаласының 19 округіне сайланды. Жалпы үміткерлікке 58 адам өтініш білдірген болатын, ал сайлау барысында таңдау 46 кандидаттың арасында жүрді. Оның 13-ін әйелдер құрады. Халық 90 учаскеде дауыс берді. Сайлаудың өту барысын 558 байқаушы қадағалады.

Депутаттар қатарын білім саласының 5 қызметкері, медицинадан – 2, мәдениеттен – 1 маман, қоғамдық бірлестіктерден 3 адам және 7 кәсіпкер толықтырды. Солардың бірі – жасы 30-дар шамасындағы Арман Бердағұлов. Айта кеткен жөн, жас депутат сайлаушылардың 70%-дан астам дауысын жинаған. Сондай-ақ, жиын барысында Арман Бердағұлов әріптестерінің ұсынысымен қалалық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.

Арман Бердағұлов – қалалық мәслихаттың хатшысы:

– Сайлаушылар бізге сенім артып отыр. Сол үмітті ақтаймыз деп ойлаймын. Ол үшін біз бар күшімізді салып, еңбектенеміз. 04:29-46/ Сондықтан да 6-шы щақырылымның депутаттары халықтың жағдайын жақсартып, қаланы көркейтуге өз үлестерін қосады.

Кейін қала әкімі Марат Тасмағанбетов халық қалаулыларының жұмысына табыс тілеп, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– 5-ші шақырылымның депутаттары өткен жылы біраз істің басын қайырды. 45 сессия өткізіп, 300 сұрақ қаралды. Халықтың жағдайын жасауға барынша тырысты. Бұл істі 6-шы шақырылымның депутаттары да сәтті жалғастырады деген сенімдемін. Халық сіздерді таңдап отыр. Енді алдағы уақытта сайлауалды бағдарламаларыңызды толық орындайды деген үміттемін.

Сессия соңында халық қалаулыларына депутаттық куәліктері мен төс белгілері табыс етілді.

Айгерим Ержанова