Құқық қорғау органдары

Отандық профессорлар облыстық құқық қорғау органдарының ғылыми-тәжірибелік конференциясына атсалысты

Ғалымдар жаңа заңнамаларда шикі тұстары баршылық, соны жұмыс барысында анықтап, түзетіп отыру қажет дейді.

Марат Қоғамов – ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы, заң ғылымдарының докторы:

– Қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық-атқару кодексінің қолданысқа енгізілгеніне бір жылдан асты. Осы мерзім аралығында заңды практика жүзінде қолданып жатырмыз. Алайда, заң мүлтіксіз жазылған деп айта алмаймын. Түрлі Жоғары оқу орындарының профессор, ғалымдармен бас қосып, оны жүзеге асыру барысы жайын талқылаудамыз.

Жиында Марат Қоғамов тергеушілердің дәрежесін судьялардың статусымен теңестіріп, сәйкесінше тергеушілердің жалақысын да көтеру қажет деген ұсынысын айтты. Және елімізде тергеушілердің барлығы істі жүргізудің ауырлығынан 3-4 жылдан артық жұмыс істемейді дейді. Бұл жағдайды түзеу үшін ғалымдар тергеушінің ісіне араласатын бастықсымақтармен байланысты қысқартып, қажетсіз санкцияларды алып тастау керек деген пікірде.

Қуаныш Балтабаев – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қылмыстық заң кафедрасының профессоры:


– Қылмыстық істі жүргізуде тергеушілердің алатын орны ерекше. Олардың жұмысы ауыр. Тергеушілерді қағазбастылықпен жүремін деп, тергеу мерзімін ұзартып алады.

Сондай-ақ, мәжілісте сот уәкілеттілігін арттыру, түрмедегілердің санын азайту жайы талқыланды. Осы күні қолданыстағы кодекстерді жетілдіре түсу үшін заңды әзірлеушілер құқық қорғау органдарымен етене жұмыс жасап, туындайтын мәселелерді шешу жолдарын бірлесіп анықтау қажет. Осы мақсатпен профессорлар мен облыстық ІІД арасында өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл конфернеция екі күнге жалғаспақ. Шара аясында ғалымдар Есіл, Тайынша, Ғ.Мүсірепов аудандарындағы ІІБ қызметкерлерімен кездесіп, тәртіп сашыларына оқыту семинарларын өткізбекші.

Берік Қасен