Ауыл шаруашылығы

Аудандарда ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылуда

Олар бүгін кооперативтер құру мәселесін талқылауға келіпті. Бұл жоба ата кәсәп – малмен айналысып отырған ауылдағы ағайынның, ондағы дені шағын шаруа қожалықтарының тамырына қан жүгіртері анық. Өйткені, қазір бұлардың әлеуетін арттырып, басын біріктіріп, ірілендіру қажет дейді М.Жұмабаев ауданының әкімі Асқар Бегманов.

Асқар Бегманов – М.Жұмабаев ауданының әкімі:

– Ол – біріншіден, тиімді несие рәсімдеу мүмкіндігі. Екіншіден, кооператив мүшелері табыс салығын төлеуден босатылады. Үшіншіден, өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сатуға және сақтауға жақсы қолдау көрсетіледі.

М.Жұмабаев ауданында бірден 3 осындай кооператив құрылып отыр. Солардың бірі «Сүт өнімдері» деп аталады.

Василий Пальчик – «Пальчик» ЖК директоры, М.Жұмабаев ауданы:

– Біздің кооперативке 9 шаруа қожалығы кіріп отыр. Оллар – сүт сатып алумен айналысатын, оны жеткізетін және өндіретін мекемелер. Жалғыз жұмыс істеу қиын. Сондықтан, біздер бірігіп, біраз жұмыс атқарамыз деп ойлаймын. Бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Соларды пайдаланатын боламыз.

Жиында, сондай-ақ егін шаруашылғымен айналысатын құрылымдардың басын қосқан «ТБК» және мал өсірумен шұғылданатын қожалықтардан құралған «Береке» атты кооперативтер тіркеліп, өзара меморандум жасасты.

 

Магжан Ахмадина