МТРА жаңалықтары

ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясы өз жұмысын қорытындылады

Ал бұл шараның айнақатесіз өтуін “ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия” мүшелері бақылады. Саяси науқанның нәтижесі белгілі болған соң, республикамыздың Батысы мен Шығысының, Оңтүстігі мен Солтүстік аймақтарының бақылаушылары тікелей қосылымға шығып, республикалық комиссияның төрағасы Нұрлан Ерімбетовке жағдайды баяндады.

Сергей Худяков -“ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия” РҚБ өңірлік филиалының жетекшісі:


–  Біздің өңірде саяси науқан өте жоғары деңгейде өтті. Мониторинг те жиі жасалып тұрды. Бәрі талапқа сай жүргізілді. Шара барысында ешбір заңбұзушылық тіркелген жоқ. Барлық ақпаратты біз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізіп отырдық.

Жалпы наурыздың 20-сы күні республика бойынша 10 мыңға жуық байқаушы жұмыс істеген. Оның 697-сі солтүстік өңірде қызмет еткен.

Сергей Худяков – “ҚР сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия” РҚБ өңірлік филиалының жетекшісі:


–  Негізінен мұндай үлкен науқанда ұсақ-түйек қиыншылықтар кездеспей қоймайды. Мәселен, кейбір тұрғындар дауыс берушілер тізімінен табылмаған. Бұл түйткіл Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы арқылы шешіліп жатты. Сайлау комиссиясының жетекшілері сайлаушылардың мекен-жайларын растайтын анықтамалар мен жеке куәліктерін сұрап, оларды тізімге тіркеп отырды.

Бұл сайлауда өз таңдауын солтүстікқазақстандықтардың 81,5%-ы жасаған.

Айгерим Ержанова