Спорт

Петропавлдық “Құлагер” ХК шайбалы хоккейден ел біріншілігінің плей-офф кезенінде атыраулық “Бейбарысты” қабылдады

Бірден шабуылға көшіп, Алексей Кузнецов қорғаған қақпаға соққыларды бағыттап үлгерді. Бірақ нәтижесіз. Ал атыраулықтар болса, айдын иелерінен сескеніп қалған жоқ. Олар бұл кеште өте сауатты ойын өрнегін көрсете білді. Бірнеше рет алаңда 4 ойыншымен қалып, сәтті қорғана білді. Ал қарымта шабуылда тіпті Джон Мюррей қорғаған қақпадан саңылау тапты. Шайба авторы Александр Храмков.

Гол жіберіп алған құлагерліктер жіберілген қателікті түзеуге аттанды. Алайда бұл кеште атыраулықтар ерлеп, сәтті қорғана білді. Ал кезінде құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсеткен “Бейбарыстың” қақпашысы Алексей Кузнецов матч қаһарманы атанды. Ол құлагерлік ойыншылар бағыттаған 25 соққының барлығына тойтарыс беріп, қақпасын аман сақтап қалды. Осылайша атыраулық хоккейшілер 0-1 есебімен “Құлагер” командасын тізе бүктірді. Ал қос құрама арасындағы жалпы есеп 3-0 “Бейбарыс” алда.

Иван Иванов – “Құлагер” ХК шабуылшысы:

– Біз бұған дейінгі 3 ойында көп күш жұмсадық. Аздап шаршағандықтан бүгінгі кездесуде ұтылдық. Оны мойындау қажет. Бейбарыс құрамасын оңайлықпен жеңу өте қиын шаруа. Олардың хоккейшілерінің кәсіби шеберліктері мықты. Дегенмен ертеңгі ойында барымызды саламыз.

Ал, қарымта ойын мүлде басқа сценарий бойынша басталды. Кездесудің небәрі бірінші минутында Игорь Валеев есеп ашып, жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізді.

Алайда теріскейліктердің бұл қуанышы көпке созылмады. Атыраулық сұр мерген шабуылшысы Сергей Сальников шайба авторы атынып таразы басын теңестірді. Бұл голдан кейін ойын қызды. Мұз алаңда хоккейшілер жан алысып, жан берісті. Алғашқы периодтың аяқталар шағында құлагердің капитаны Ильгиз Нуриев қонақтардың қақпасын дәл көздеп, командасын алға шығарды.

Екінші жиырма минуттық қанша тартысты өткенімен нәтижесіз аяқталды.Командалар таблодағы есепті өзгертпей үзіліске тарасты.Ал, үшінші период бір сөзбен айтсақ драмаға толы болды. Шешуші сәтте Жайық жағасынан келген жігіттер барларын салып ойынды бастан-аяқ өзгертті. Алдымен бейбарыстық Элизер Щербатов есепті 2-де 2-ге жеткізді. 1 минут өтпей жатып Илья Малюшкин Джон Мюррейден айласын асырып құрамасын жеңіске жеткізуге бір табан жақындатты. Дегенменде матч соңында құлагерлік Ильгиз Нуриев көзге түсіп, жеңіс отын қайтадан жақты.

Енді жеңімпаз овертаймда белгілі болмақ. Қосымша уақыт басталмай жатып жерлестеріміз ойынды өз қолдарына алды. Матчтын 65-інші минутында Максим Горечишников көк сызықтың бойынан шірене тартып, шайбаны қарсылас қақпаға дарытты. Осылайша қос қоманда арасындағы жалпы есеп 3-те 1. Енді құрамаларыдың 5-інші кездесуі 23 наурыз күні Атырау қаласында өтеді.

Култанов Байболат