МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар сайлауға белсенді түрде қатысуда

Евгений Политкин – №674 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

-Бұл сайлау учаскесінде 2100 адам тіркелген. Олар 9 жабық кабинада өз таңдауларын жасайды. Сонымен қатар біз сағат 12-ге дейін үйде дауыс беретіндердің өтінішін қабылдаймыз. Әзірге 12 адам хабарласты. Жалпы учаскеде 5 комиссия мүшесі жұмыс істеуде.

Ел үшін маңызды саяси науқан ҚР әнұранымен ашылды.

Сағат тілі тура жеті. Демек, сайлау уақыты басталды. Учаске ашылысымен тұрғындар бір кісідей дауыс беруге ағылды.
Жексенбінің таңын тағатсыздана күткендердің бірі Сапура Ташенова. Осы күнге дейін 7 баланы тәрбиелеп өсірген батыр ана бүгін ел болашағы үшін өз таңдауымды жасауға ертесімен келіп отырмын дейді.

Сапура Ташенова – көпбалалы ана, Алтын алқа иегері:

-Таңертең намазға тұрғанмын, кейін сайлауға барайын деп келдім.
1-05 Жастардың болашағы үшін, еліміз тыныш болсын деп өз таңдауымды жасадым.

Азаматтарды тіркеуші мамандар тізімді толтырып үлгермеуде. Өйткені қала тұрғындарының көпшілігі демалыс күніне қарамастан, өз таңдауын жасауға асығып, ұзын-сонар кезек қалыптастыруда. Жалпы сайлауға келушілерге үш бюллетень беріледі. Қызыл түстіде облыстыққа, жасылда қалалық мәслихатқа үміттілерді таңдайды. Ал көк түсті бюллетеньде халық өзі қалаған партияға дауыс береді. Бүгін өзінің азаматтық құқығын алғаш пайдаланғандарда болды. 18-ге енді толып, саяси маңызды науқанға қатысқандардың бірі Дарья Евбалдова. Нәзік жанды аға буын өкілдерінен қалыспай учаскеге таңертең келді.

Дарья Евбалдова:

-Бүгін әпкем екеуіміз сайлауға алғаш рет келіп отырмыз. Өміріміздегі бірінші саяси маңызды науқан болғандықтан қобалжыдым. Жалпы бұл біздің еліміздің азаматы ретіндегі міндетті борышымыз. Сол себепті таңмен таласа ерте келіп отырмыз. Міне учаске төрағасы тарту-таралғысында берді. Оған қуаныштымын.

Сайлау шарты бойынша бұл маңызды науқанда тәртіптің бұзылмауын сырттан байқаушы бақылайды. Бүгін мұнда бұл міндетті Ресей елінен келіп отырған Валерий Самокрутов атқаруда. Ол сайлау учаскесі жұмысын бастағаннан бір сағаттың ішінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ дейді.

Валерий Самокрутов – ТМД байқаушылар миссиясынан халықаралық байқаушы, РФ:

-Мен көптеген елдерде сайлау науқанына қатыстым. Қазақстанға да бірінші рет келіп отырған жоқпын. Байқағаным сайлауға келушілерге барлық жағдай жасалған. Ешқандай заңбұзушылық орын алған жоқ. Жалпы өзім Қорған облысынан келдім. Менің өңірімнен мұнда 12 адам келді. Қазір басқа да учаскелерінді аралайтын боламыз. Саяси науқан барлық талапқа сай өтеді деген үміттемін.

Бұл учаскеде 2100 адам бекітілген екен. Бір сағаттың ішінде 150-ден астам тұрғын келіп ел болашағы үшін өз таңдауын жасады.

Ал мынау №670-ші сайлау учаскесі. Бұл учаскеге 10 көшенің тұрғындары бекітілген.

Айжан Мұхамеджанова – №670 сайлау учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы:

-Мұнда 1229 адам бекітілген. Олардың 8-і бұл күні жол сапарда болатындықтан учаскемізге келіп дауыс бере алмайтындығы жайында анықтама алған. Сонымен қатар үйінде дауыс беруге өтініш берген азаматтардан әзірге 15 өтініш қабылданды. Оларға жылжымалы жәшік сағат 12-ден кейін аттанады.

Бүгін ел болашағы үшін өз таңдауын жасағандардың бірі Ермек Ғаббасов. Жерлесіміз №670-ші сайлау учаскесіне отбасысымен бірге келіпті. Айтуынша әр қазақстандық саяси маңызды науқаннан шет қалмауы керек.

Ермек Ғаббасов:

-Бүгін міне отбасымызбен бірге келіп, азаматтық борышымызды өтедік. Менің ойымша депутаттардың жаңа құрамы елімізді одан әрі көркейтуге өлшеусіз үлес қосады.

Жалпы бұл учаскеге бекітілген 1229 адамның сағат 11 кезінде 30 пайызы өз таңдауларын жасап үлгеріпті.

 

 

Риат Шони