Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір жетекшісі елдің жарқын болашағы үшін дауыс берді

Бұл сайлау учаскесінде облыс әкімі Ерік Сұлтанов та дауыс берді. Өңір жетекшісі ең алдымен комиссия мүшесінен тиісті үш бюллетенді алып, кабинаға беттеді. Сөйтіп, жабық жерде қалаған кандидатына дауыс беріп шықты. Кейін журналистермен тілдескен аймақ басшысы бұл саяси науқанның ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылғаны маңызды екендігін атап өтті.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

-Бүгін әрбір қазақстандық еліміздің, жеріміздің дамуы үшін дауыс береді. Халық қалаулылары ел үшін маңызды шешімдер қабылдайды. Сайланған депутатттар соған лайықты деп ойлаймын. Солтүстікқазақстандықтар осы сайлауда да белсенділік танытады деген сенімдемін.

№ 644 сайлау учаскесінде қаланың орталық аудандарында тұратын 1277 тұрғын дауыс береді. Комиссия мүшелері мұнда келген петропавлдықтардың белсенділігі жақсы, көңіл күйі де мерекелік дейді.

Қанат Сәдуақас – №644 сайлау комиссиясының төрағасы:

-Дауыс берушілердің көңіл-күйі жақсы. Алғашқы дауыс берушілер егде адамдар мен бюджет саласының мамандары болып отыр. Ең алғашқы дауыс берушілер мен бізде дауыс беруші 3 азаматтың нақты туған күні және алғашқы рет дауыс беріп жатқандарға сыйлықтар тапсырамыз.

Саяси шаралар уақытында, әсіресе аға буын өкілдері белсенді. Олардың көбі, ел үшін маңызды осындай күнде, жастарға үлгі болып, азаматтық борышымызды орындау маңызды дейді.

Төкенай Беймағанбетова – қала тұрғыны:

-Жақсылық болуы үшін бердім. Барлық халық бірдей болуы үшін және тыныштық болсын.

Зәуре Ескендірова – қала тұрғыны:

-Әрбір деңгейдегі депутаттардан күтеріміз мол. Ең алдымен бірлігіміз мығым болсын. Халықтың жағдайын ойлайтын депуттаттарды күтеміз.

Зура Жансипатова сайлауға небәрі екінші рет рет қатысып отыр. Десе де, нәзік жанды өзі таңдаған халық қалаулысының лайықты кандидат екендігіне сенімді.

Зура Жансипатова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Өзімнің азаматтық боырышымды орындауға келдім. Және барлық жастарды белсенділік танытуға шақырамын. Менің таңдаған депутатым жеңіске жетіп, ел дамуына өз үлесін қосады деп ойлаймын.

Дауыс берудің өту барысы – мұндағы байқаушылардың жіті назарында. Олар бірауыздан қандай да бір заңбұзушылықтарды байқамадық дейді.

Өмірсерік Бәкіров – ҚР сайлауды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның СҚО бойынша байқаушысы:

-Мен мұнда сайлау учаскесі ашылғанан бастап келіп отырмын. Әзірге, заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Барлығы талапқа сай өтуде. Халық та белсенді қатысып жатыр.

Жалпы аталмыш сайлау учаскесінің дауыс берушілері қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер 2 кандидаттың, ал облыстық мәслихатқа 3 үміткердің бірін таңдайды. Ал Республика Парламенті мәжілісіне енуі үшін 6 партия сайысқа түсіп отыр.


Магжан Ахмадина