МТРА жаңалықтары

Облыстағы сайлау науқанына қатысқан халықаралық байқаушылар пікірлерін білдірді

Валерий Самокрутов- ТМД байқаушылар миссиясынан халықаралық байқаушы, РФ:

-Мен Қырғызстан, Әзірбайжан және Белорусь еліндегі президент сайлауларында халықаралық байқаушы ретінде жұмыс істедім. Әрине, әр мемлекеттің өзіндік заңнамасы бар. Соған сай саяси науқан өтеді. Десе де сіздерден әлі үйренеріміз көп екендігін байқадым. Ең бастысы, халық жақсы көңіл күймен келіп, дауыс беруде. Біздер таңғы алты жарымнан сайлау учаскелерінде болып, комиссия мүшелерінің жұмысын көрдік. Барлығы талапқа сай өтуде. Өз тарапымнан ешбір заңбұзушылықты байқамадым.

Халықаралық байқаушылар тұрғындар Президент сайлауындағы сияқты белсенділік танытпаса да өз учаскелеріне жақсы көңіл-күймен келіп, таңдау жасады деп отыр.

Анатолий Спицын – ТМД байқаушылар миссиясынан халықаралық байқаушы, РФ:

-Бүгінгі ауа райына қарамастан тұрғындар сайлау учаскелері ашыла сала, ұзын-сонар кезекке тұрып, дауыс беруге асықты. Мен осы күні 10-ға жуық учаскеде болдым. Барлығы ұйымдасқан түрде өтті. Тізімде табылмаған тұрғындарға бірден көмек көрсетіліп, олардың дауыс берулеріне жағдай жасалды.

Меймандар қазір тағы бірқатар сайлау учаскелеріне барып, олардың жұмысын көрмекші. Ал сағат тілі кешкі сегізді соққанда, байқаушылар дауыстарды есептеуге қатыспақ.

 

 

Магжан Ахмадина