МТРА жаңалықтары

Темекі тұқылын көшеге тастаған азамат әкімшілік жазаға тартылды

Бұл жазба көшеде орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ал бүгін осы іске қатысты сот отырысы өтті.

Азамат Жүсіпов- Петропавл қалалық прокуратурасы бөлімінің прокуроры:


–  Петропавл қаласының тұрғыны қоғамдық тәртіпті бұзды. Яғни белбіленбеген жерге темекі тұқылын лақтырып, қоршаған ортаға залалын тигізді. Азамат 434 баптың 1 тармағы бойынша жазаланатын болады.

Сот алдында жауап берген петропавлдық тұрғын өз кінәсін мойындап отыр. Оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ол 21210 теңге. Айта кету керек, өткен жылы нақ осындай 800-ден астам іс қаралыпты.

Гүлжан Талеева- Петропавл қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:


–  501 тұлғаға айыппұл салынса,300-і әкімшілік қамауға алынған. 2016 жылдың өзінде 70-тен астам адам осындай заңбұзушылық жасағаны үшін жазаланды. Егер азамат алғашқы рет құқық бұзса, онда оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Не 10 күнге әкімшілік қамауға алынады. Қайта іліксе, онда 15 тәулікке жабылады.

Енді азамат айыппұлын 30 күн ішінде өтеуі тиіс.

Магжан Ахмадина