МТРА жаңалықтары

“Сапалы азық-түлік – денсаулық кепілі” атты акция өтті

Сәйкесінше, таңдау да молынан. Бірақ көп жағдайда базар аралаған тұрығындар тауардың сапа құжатын сұрамайды да. Шыны керек, алған өнім сырт көзге жақсы көрінгенімен, сапасы жақсы болмай шығуы мүмкін. Міне осыны ескерген санитарлар арнайы акция ұйымдастырып, халықтың сатып алған өнімдерін тексеруде. Ол үшін мамандар жедел әдістерді қолдануда.

Алма Темірбекова- ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» СҚОФ зертханасының меңгерушісі:


–  Жеміс-жидек пен көкөністердің нитраттары анықталып, даяр өнімдер мен судың ластану деңгейі тексерілуде. Арнайы аппарат осы зерттеуді жүргізеді.

Бұндай қызметке сауда орындарының кез-келген тұтынушысы жүгіне алады. Акция таңғы сағат 10-нан 1-ге дейін өткізілді. Жарты күн ішінде ғана коммуанлдық базарда 100-ге жуық сараптама жасалды. Қауіпті деген тағамдар анықталған жоқ. Жанна Сұлтанова да осындай шараның өтіп жатқандығын естіп, алған тауарының асқа жарамдылығын тексертуге келген. Ол орамжапырақ, сүт өнімдерін алыпты.

Жанна Сұлтанова-қала тұрғыны:

– Базарға жиі келіп, азық-түлік алып тұрамын. Акцияға алғаш рет кезіктім. Әрине бұл өте пайдалы. Мен өзім алған орамжапырақ, сүт өнімдерін тексерттім. Сапасы жақсы болып шықты. Жалпы ылғи өнімнің түріне, сапасына қарап аламын.

Тексеруден өзімізде жасалған өнімдер мен қоса шетелден әкелінген тауарлар да өтуде. “Денсаулық – зор байлық” дейді халық даналығы. Өзінің денсаулығына салғырт қарамайтындар бар болғаны бірнеше минутын ғана жұмсап, өнімдерін сараптамадан өткізуде.

Мағжан Ахмадина- тілші:


– Мен шараны пайдаланып, өзіміз күнделікті тұтынатын сәбіздің сапасын тексертпекпін. Зерттеу нәтижесі 10 минутта дайын болады. Көкөністі мамандар қолына тапсырдым. Енді шамалы күтеміз.

Тауарды тексермес бұрын оны жуады,
тазалайды. Содан соң сәбізді үккіштен өткізіп, арнайы қалыпқа салады. Кейн құрылғы тауардың жарамдылығын көрсетеді.

Мағжан Ахмадина- тілші:


Міне, белгіленген уақыт өтті. Зерттеу аяқталды. Көкөністің сапасы жақсы болып шықты. Яғни, ондағы нитраттар көлемі қалыпты деңгейде.

Мағжан Ахмадина