Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс орталығында “ASTEK” әмбебап автокөлік орталығы ашылды

Одан соң меймандар ішке кіріп, көліктің сан түрімен танысты. Мына залда рено сериясындағы жеңіл көліктің 6 моделі қойылған. Олар дастер, логан, меган, сандера. Автомобильдердің барлығы Мәскеу қаласындағы “Таяти” компаниясында құрастырылады. Бұл орталықта техникалық қызмет көрсету орны да бар. Мұндағылар күніне 22 әрі кетсе 28 көлікке қызмет көрсетуге қауқарлы. Жанында саймандар қоймасы бар. Қозғалтқыштары мен қосалқы бөлшек саймандары тікелей Франциядан әкелінеді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– “ASTEK” әлемдегі ең ірі, заманауи компаниялардың бірі. Бүгінде ел экономикасына сырттан инвестиция тартуға ерекше көңіл аударылуда. Өңірімізде бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. Нысанның ашылуымен жергілікті қазынаға қаражат түседі, жаңа жұмыс орындары құрылады. Мұнда 72 жұмыс орны ашылған екен. Бұл тамаша.

Бұл нысанға 100 пайыз инвесторлардың жекеқаражаты есебінен тұрғызылды. Жобаның құны 1,4 млрд теңге. Сауда жақсы жүрсе, компаниядағылар шығын 5-7 жылдың ішінде ақталады дейді.

Сергей Корельчук – “ASTEK” компаниялар тобының бас директоры:

– Біз клиенттерге еуропалық стандарттар бойынша қызмет көрсетеміз. Мамандардың біліктілігі жоғары, оқудан өткендігі жөнінде сертификаттары бар. Көліктің сапасы жақсы, тисініше бағасы да арзан емес. Бұл Қазақстанда ашылған 5-ші орталық. Биыл “ASTEK” автокөлік орталығын Көкшетау және Шымкент қалаларында іске қосамыз.

Көлікті алу үшін алысқа ұзамай, осы орталықта несие рәсімдеуге болады.
Мұнда тұрғындарға екінші деңгейлі 5 банктің өкілдері қызмет көрсетеді. Қаржы ұйымы өкілдерінің айтуынша, құжаттардың барлығы заң жүзінде рәсімделеді. Оған қоса көліктің техникалық құжаты мен нөмірін салоннан кетпей-ақ алу мүмкіндігі қарастырылған. Несие алу үшін жеңілдіктер бар. Мысалы, Рено Логан көлігінің құны 3 млн 90 мың теңге. Бұл соманы жылдық 18,7 пайыздық мөлшерлемесімен 7 жылға бөліп төлеуге болады. Көліктің 50 пайыз құнын алдын ала төлеген жағдайда, клиентке бір жыл үзіліс беріледі екен.

Берік Қасен