МТРА жаңалықтары

Биыл “Бизнестің жол картасы” бағдарламасы аясында облыс кәсіпкерлеріне 1,8 млрд теңге бөлінді

Былтыр тауар өндірушілердің шығарған өнімі 7 пайызға артып, 224 млрд теңгеге жеткен. Осы күні әрбір үшінші адам осы салада нәпақасын тауып отыр. ШжО кәсіпкерліктің жалпы аймақтық өнімде 25 пайыздық үлесі бар. Алдағы уақытта ол 3 пайызға артуы мүмкін.

Евгений Глотов – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқарасының басшысы:

– Биыл өңірдегі ШжО кәсіпкерлік субъетілерінің санын 36 мыңға жеткізіп, жыл сайын 370 млрд теңгенің тауарын өндіруді жоспарлаудамыз. Жыл соңына қарай кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін адамдардың санын 115 мыңға дейін жетуі мүмкін.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Бизнестің жол картасы бағдарламасы аясында 100-ден астам жоба несиелендірілді. Оның жартысынан астамы ауыл кәсіпкерлерінің үлесінде. Бүгінде қалалықтарға қарағанда елді-мекен тұрғындарының бизнеспен айналысуға ынтасы артып келеді. Ведомство басшысы Евгений Глотов бизнесті дамытуға бөлінетін қолдау қаражаттың көлемі артты дейді.

Евгений Глотов – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқарасының басшысы:

– Биылдыққа Бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша облыс кәсіпкерлеріне 1 млрд 800 млн теңге бөлінді. Оның бір млрд 317 млн теңгесі кәсіпкерлікті субсидиялауға бағытталады. Мұндай сомма тек субсидия үшін бұрын соңды бөлінбеген. Аталмыш бағдарлама аясында шағын қалалар мен елді-мекендерде тұратындарға шағын несие беріледі. Бұл мақсатқа ел қазынасынан қосымша 50 млн теңге бөлінді.

Журналистерді өңірде тұралап тұрған өңдеуші кәсіпорындардың болашағы қызықтырды. Ведомставо басшысы жұмыс сітемей тұрған кәсіпорын иелерінің несиелік шарттары қайта қарастырылып, қарыздарын өтей алмаған заемшыларға бірнеше жыл үзіліс береміз деді. Мұның бәрі мемлекеттік бағдарламалар аясында орындалмақ.
Евгений Глотов туризм саласына да тоқтала кетті. Былтыр көрікті аймағымызды 68 мың турист тамашалап, облыс қазынасына 580 млн теңге түсіпті.

Евгений Глотов – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқарасының басшысы:

– Биыл СҚО-ның туристік әлеуетінен хабар беретін ақпараттық материалдар РФ-ның 12 туристік фирмасына таратылады. Түмен қаласында билбордттар орнатылады. Қазақстанның барлық аймақтарындағы вокзалдарында бейнероликтерді айналдыратын орындар пайда болады. Қазір бұл жөнінде “Вокзал Сервис” АҚ келіссөздер жүріп жатыр.

Биыл туристік маусымда облыс орталығындағы әуежайда Петропавл-Анталия және Анталия- Петропавл бағытында чартерлік рейстер ашылады. Сондай-ақ, жазда өңірден Мәскеуге де ұшақпен қатынау мүмкіндігі тумақ. Қазір ресейлік тараппен келіссөздер жүргізілуде.

Берік Қасен