Мәдениет

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған “Ұлы дала елінің мәңгілік дәстүрі” акциясына 500 солтүстікқазақстандық жас қатысты

Кейбіреуі Отан, тәуелсіздік, достық тақырыбындағы туындыларды жатқа айтты. Акцияға қатысушылардың жас шамасы 16 мен 29 аралығында.

Тимур Жұманов – СҚО жастар бастамалары орталығының директоры:

-Егеменді мемлекетіміз ширек ғасырда толағай жетістіктерге жетті. 25 жылдың ішінде еліміз белді халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды. Оған қоса елбасымыз Н.Назарбаев бастамасымен былтыр Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Біз президентіміздің саясатын қолдап, оның тапсырмаларын батыл түрде жүзеге асыруға тиістіміз.

Жүрегі Отаным деп соғатын өңір жастары бүгінде бұқаралық сипаттағы шаралардан шет ақламйды. Еліне деген сүйіспеншілігін нақты істерімен көрсетіп жүр.

Осы күні талапты, шығармашыл жастар тәуелсіз Қазақстанға, қазақ еліне
өлең жолдарын арнады.

Айбол Нұрлыбек – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенті:

-Ел дамуы үшін тамшыдай болса да үлесімді қосқым келеді. Сол үшін жақсы оқимын, қызметіме адал боламын.

Тәуелсіздік стеласы маңында өткен бұл акцияның бейненұсқасы әлеуметтік желілерге салынады. Кейін бастаманы өзге аймақтың жастары іліп әкетуге тиісті.

 

Берік Қасен