Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО Кәсіпкерлер палатасында Өңірдің өндірістік кооперативтерінің даму жайы сөз болды

Тұрар Ысқақов, СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

-Тайынша ауданында қытайлықтардың инвестициалауымен жұмыс жасайтын «Тотал Импакс» серіктестігі пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Олар майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салып, өнімдерін өңдеп, сатумен айналыспақ.

Ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарында “Ауыл шаруашылық кооперативі” туралы жаңа заң қабылданған болатын. Жоба шаруашылықтарға бірлесіп жұмыс жасауды ұсынып отыр. Яғни, қожалықтар ет және сүт өндіру, асыл тұқымды мал сатып алу сынды жұмыстарды бірлесіп атқармақ. Оларға кредит пен субсидия алу да оңайға соқпақ.

Тұрар Ысқақов, СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

-Біз ендігі құрылып қойған кооперативтермен кеңейтілген тұрғыда жұмыс жасауды көздейміз. Мұндай кооперативтер әр салада болуы қажет деп ойлаймын. Бұл кәсіпкерліктердің табыс көзін арттырады. Аталған ұйымдарға мүшелік етуге өңірдің жұмыртқа өндірушілері қызығушылық танытуда. Олар жұмыртқа өндіруден бөлек, тауықтарға арналған жемді де өздері дайындамақ.

Айта кеткен жөн, мұндай ауыл шаруашылық кооперативіне бірігу-бірікпеу қожалықтар мен шаруашылықтардың өз таңдауында.

 

 

Акбопе Танирберген