МТРА жаңалықтары

СҚО-да “Достық шеңбері” фестивалі өтті

Биылғы “Достық шеңберін” ұйымдастырушылар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр.

Алма Шаштаулетова – Вагулино ауылдық клубының меңгерушісі, Қызылжар ауданы:

-Шараның негізгі мақсаты ауыл тұрғындары арасында достықты нығайтып, өзге өнер ұжымдарымен тәжірибе алмасу. Өскелең ұрпақты ұлттық өнерге жақындатып өсіру. Сол себепті бұл фестивальға балалар да, ересектер де қатыса алады. Олар көрерменге бірнеше ұлттың мәдениетін таныстырады.

Әр концерттің өз ерекшелігі болады. Мәселен, бұл фестивальға мектеп оқушысынан бастап, үйде отырған қарияларға дейін қатыса алады. Бұл жолғы шарадан Якорь ауылының “Мелодия” атты өнер ұжымы да қалыс қалмады. Топ тек зейнеткерлерден, осыдан 5 жыл бұрын құралыпты. Бүгінде олардың сабында 18 өнерпаз бар екен.

Юрий Зайберт – «Мелодия» шығармашылық ұжымының жетекшісі, Якорь ауылы:

-Біздің мақсатымыз көрерменге жақсы көңіл күй сыйлау. Сол себепті күн сайын біздің ұжым өз өнерлерін шыңдайды. Түрлі концерттерге шығып ән саламыз. Көрермен үнемі жылы қабылдайды. Әсіресе, ересектер.

Ал мына кішкентай арулар бұл фестивальға алғаш рет қатысуда. Бүгінгі концертке олар Қытай халқының ұлттық биін ала келіпті.

Өнерпаздар сахнаға тек ұлттық бимен шығады екен. Бүгінде олар қазақ, орыс және шығыс өнерін жақсы меңгеріпті.

Насима Гайнулина – «Росинка» би тобының мүшесі, Вагулино ауылы:

-Маған билеген ұнайды. Қытай биін жақсы биледік. Костюмдеріміз де әдемі.

Бүгінде Вагулино ауылдық округінде 1600-ге жуық халық бар. Оның ішінде 9 ұлт өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешуде.

 

Айгерим Ержанова