МТРА жаңалықтары

Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері Айдын Айымбетов М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ің ұжымымен кездесті

Оңдасын Әшімов – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:

-2015-ші жылдың 2-ші қыркүйегінде “Байқоңыр” ғарыш айлағынан “Союз” әуе кемесі сәтті ұшты. Экипаж құрамында біздің отандасымыз Айдын Айымбетовте болды. Бұл сапарымен ол әлемнің 545-ші ғарышкері атанды. Ал әуе кемесі 12 қыркүйек күні Мәскеу уақытымен сағат 3-32-де қазақ жеріне келіп қонды.

Ғарышкер, әскери-әуе қызметінің полковнигі сутденттерге өзінің ғарыштағы сапарын егжей-тегжейлі баяндап берді. Айдын Айымбетов космосқа ұшу үшін дайындықты 2003-ші жылдан бастаған екен. Кейін 2015-ші жылдың 26-шы тамызында Роскосмос пен ҚазКосмос арасында отандасымыздың ғарышқа ұшуына келісім-шарт жасалды. Бұдан соң Айдын Айымбетов “Союз ТМА-18М” әуе кемесінде екінші борт инженер болып ғарышты бағындырды.

Айдын Айымбетов – Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері:

-Мен ғарышқа ұшқанда Қазақстанның ауқымды бағдарламасы орындалды. Бұл жобаны тек ғалымдар әзірлеген жоқ, оның басы-қасында дәл сендер секілді студенттер болды. Қазір заман дамыған. Бүгінде айды зерттеу бойынша түрлі жобалар құрылуда. Алдағы уақытта шамамен 10-15 жылдан соң жер серігінде ғылыми-база құрылмақ. Ол ғарышты зерттеуде тың мүмкіндер береді. Менің ойымша сол сынақтарды енді сіздер жүргізіп қалуларыңыз мүмкін. Ол үшін аянбай еңбек етіп, оқуларыңды жақсы оқыңдар.

Кездесу соңында студенттер Халық қаһарманы Айдын Айымбетовке өздерін толғандырған сұрақтырын қойды. Кейін естелікке суретке түсіп, ғарышкердің қолтаңбасын да алды.

Дәлеут Хамитов – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Бүгін мен үшін есте қаларлықтай оқиға орын алды. Халық Қаһарманын жүзбе-жүз көру ол мен үшін мақтаныш.

Айнар Сәбитова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Айдын Айымбетовпен өткен кездесу өте танмыды болды. Мен өзімді толғандырып жүрген сұрақтарымды қойдым.

Студенттермен кездсекеннен соң Айдын Айымбетоа университет жанындағы обсерваториямен танысты.

 

 

Риат Шони