Спорт

Петропавлдық “Құлагер” ХК сырт алаңда атыраулық “Бейбарысқа” екінші мәрте ұтылды

Ал, екінші жиырма минуттықта атыраулықтар есеп айырмасын қысқартты. Бұған жауап ретінде теріскейлік хоккейшілер Максим Волков пен Антон Дубинин көзге түсіп таблодағы есепті 1 де 4-ке жеткізді. Дегенменде соңғы үшінші периодта жерлестеріміз қолдағы жеңістен айырылды. Айдын иелері жас қақпашы Максим Грязновтан айлаларын 3 мәрте асырып, ойынды овертаймға шегерді.

Қосымша уақытта солтүстікқазақстандықтар қорғаныста мүлде салғырттық танытты. Алдымен сан басымдығын пайдалана алмады. Ал, бірнеше минуттардан соң шайба жіберіп жеңістен айырылды. Қос құрама арасындағы жалпы есеп 2 де 0. Әзірге атыраулықтар алда. Енді командалардың қарымта ойындары Петропавлда 19-20-наурызда өтеді. Айта кеткен жөн, Құлагерліктерге жарысты жалғастыру үшін бейбарыстық жігіттерді 4 рет жеңу қажет.

 

Култанов Байболат