Денсаулық сақтау

Гидрокинезотерапия әдісінің пайдасы

Елена Рыкова – Облыстық балалар ауруханасының емдік дене шынықтыру дәрігері:

-Әр бүлдіршіннің дертіне байланысты бағдарлама құрылып, сол бойынша жұмыс істейміз. Сәбидің шаршап қалмауына да баса көңіл бөлінеді. Нұсқаушымыздың 16 жылдық жұмыс өтілі бар. Ол әр баланың жағдайын түсінеді. Жалпы гидрокинезотерапия әдісі қазір үлкен сұранысқа ие. Сауықтыру бөлімшесінде кішкентай солтүстікқазақстандықтар тек суда ғана шомылмай, массаж, емдік дене шынықтыру сынды түрлі процедуралардан өтеді.

Ал бассейнге түспес бұрын, балаларға массаж жасалады. Қол-аяғы шынықтырылады. Енді міне ол бассейінге түсуге әзір. Бассейндегі су мен әр бөлмедегі ауа температурасы да талаптарға сай. Мұнда негізінен орталық нерв жүйесінің әртүрлі ақаулары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балғындар ем қабылдайды. Сабина алғаш рет осында келгенде қол-аяғын белсенді қозғалта қоймапты.

Светлана Малгождарова- Сабинаның анасы:

-Ең алдымен біз осында массажға келіп жүрдік. Кейін осы бассейнге шақырды. Алғашқы бетте қызым суда 5-10 минут қана болатын. Кейін уақыт ұзартылды. Енді біз 20-30 минут жүземіз. Ертең соңғы рет келеміз. Жалпы бұл процедура балама ұнады. Ол жақсы ұйықтайды. Осыған дейін буындарымыз қысылып, қозғалуға мүмкіндік бермейтін. Ал қазір ол қол-аяғын еркін қозғалтып, жағдайы жақсарып қалды. Судың пайдасы зор.

Ауруханада бассейін 86 жылдан бері жұмыс істейді. Ал өткен жылы қалыпқа келтіру шараларынан соң бүгіндері ол өз жұмысын қайтадан бастады. Қазір мұнда сауна да бар. Ол да ем қабылдау кезінде пайдалы болмақ. Келешекте мұндағылар ата-аналармен топтық емдеу курстарын ұйымдастыруды да көздеп отыр.

Инна Тальникова – Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-1996 жылдан бері бізде ерте сауықтыру әдісі енгізілді. Сол бойынша патологиялары анықталған балғындар бізде ем қабылдайды. Ол ерте бастан науқастарды оңалтуға бағытталған. Емдеу шаралары тегін жүргізіледі.

Күніне мұнда – 8, ал бір жылда 2500 мың бала ем қабылдайды. Соның 70 пайызы – 1 жасқа дейінгі сәбилер.

 

Магжан Ахмадина