Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-ға “Халық қаһарманы”, ғарышкер Айдын Айымбетов келді

Ғарышкермен кездесуге «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері де келді. 6 ай бұрын айды зерттеп келген Айдын ағаларына өз сұрақтарын қойып, ғарыш туралы білімдерін толықтырды.

Дархан Теміртас, “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының СҚО бойынша төрағасы:

-Бүгін оқушылар да жерлес ғарышкердің ескерткішіне гүл шоғын қоюға келді. Ғарышта болған Айдын Айымбетовпен кездестік. Қазақстанның болшағы саналатын жастар жерлестеріміздің әр ісін мақтан тұтады.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қаламызға келген мейманды “Зенченко и К” коммандиттік серіктестігінің сүт зауыты ақпен қарсы алды. Солтүстік Қазақстаннан бөлек Елорданы да өз өнімдерімен қамтамасыз ететін кәсіпорын күніне 46 тонна сүтті қайта өңдеуге қауқарлы. Ғарышкер қыруар жұмыс атқарып отырған зауыт қызметкерлерімен тілдесіп, естелік суретке түсті.

Келесі кезекте ұшқыш қаладағы достық үйіне бас сұғып, өңірдегі этно-мәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесті. Мұндай ұйымдар мен бірлестіктердің облыс ортағыныда 24-і, ал аудандарды 154-ті бар. Бұл жерде өткен кішігірім дөңгелек үстел барысында жастар Қазақстанның ғарышкер-ұшқышына көкейдегі сұрақтарын қойды. Айдын Айымбетов те ғарышта өткізген 18 тәулігіндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Айдын Айымбетов, Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы:

-Ғарыштан қарағанда жер планетасы бір бүтін. Шегі мен шеті жоқ. Ешқандай мемлекеттің шекарасы көрінбейді. Бұдан жер бетіндегі барлық халықтардың біттұтастығын, ешқандай айырмашылығы жоқ екенін көруге болады. Біздің елміз жер көлемі бойынша 9-шы орында. Сондықтан да ол ғарыштан анық көрінеді. Арал мен Каспиді, Мұнай айлақтарын суретке түсірдім.

Қалық қаһарманы Айдын Айымбетов – әлем бойынша жеті қат көкке қаймықпай көтерілген 545 ғарышкер екен.

 

 

Акбопе Танирберген