Мәдениет

Өткен жылы облысымызда 18 мәдениет нысаны қолданысқа берілді

Спартак Рамазанов- Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры:

-2015 жыл жемісті болды. 100 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жасалды. Дыбыстық жүйе жаңартылды.

2015 жылы бізде қоғамдық кітапханалар да ашылды. Бұрын соңды Қазақстанда ондай нысандар болған емес. Петропавлда жұмыс істеп тұрған аталмыш мекемелер халықтың үлкен сұранысына ие. 5-6 күнен кейін барша қазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күнін тойлайды. Мерекені ұлықтау наурыздың 21-і мен 22-сі ауқымды түрде өтеді. Киіз үйлер құрылып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін паш ететін шаралар жасалады. Тағы ақындар айтысы да болады.

Спартак Рамазанов- Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры:

-Айтыс өтеді. Оған көптеген облыстардан ақындар келеді.

БАҚ өкілдерін өлкеміздегі тарихи ескерткіштердің жағдайы да қызықтырды. Бір қуантарлығы өткен жылы оларды қирату фактілері тіркелмеген. Бірақ олардың арасында да жөндеуді қажет ететіндері баршылық. айталық, бірнеше жылдан бері айта-айта жауыр болған тарихи сәулет ескерткіштерінің бірі-көпес Янгуразовтың
үйі. Халық арасында Қалыңдық үйі деген атауға ие болған бұл нысанның жөндеу жұмыстары 2013 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірақ әлі аяқталар емес.

Людмила Сорокотяга- СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы бөлімінің басшысы:

-Қалыпқа келтіру жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүргізілуде. Алғашқы транш 2013 жылы жіберіліп, 8 млн теңгеге шатыры жөнделді. Ал 2014-2015 жылы бөлінген қаржыға дренаждық жұмыстар жасалды. 2016 жылы сыртқы бөлігі мен ішін әрлеу шаралары жасалынбақ.

Биыл барша қазақстандықтар үшін маңызды жыл. Тарихымыздағы айшықты оқиға-Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аталып өтіледі. Осыған орай қазір жер-жерде қызу дайындық жүргізілуде. Брифинг барысында бұл мәселе де журналистер назарынан тыс қалмады. Ведомства өкілдерінің айтуынша, қазірдің өзінде бағдарлама құрастырылып жатыр. Жалпы жыл бойы 1500-нан астам іс-шара өтеді деп жоспарланған. Биыл облысымыздың құрылғанына 80 жыл толады. Бұл мереке де айшықты бағдарламаларға толы болмақ.

 

 

Магжан Ахмадина