МТРА жаңалықтары

Өңірде көктемгі су тасқыны кезінде 30-ға жуық елді-мекен су астында қалуы мүмкін

Асхат Бәкішев – СҚО ТЖД бөлім бастығы:

-Біз су тасқыны кезіндегі 3 негізгі қауіпті бағыттарды айта аламыз. Бірінші ол Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасындағы тіршілік көзін дүркіндеп ағызу нәтижесінде Уәлиханов ауданындағы Қаратал мен Қулыкөл ауылдары зардап шегуі мүмкін. Ал Шағалалыда осындай жұмыстар Тайынша ауданындағы Заречное, Бірлік пен Теңдік селоларындағы автомобиль жолдарын шайып кетеді. Екінші бағыт ол қардың еруінен 21 елді-мекен қауіп төніп тұр. Ал соңғысы Есіл өзенінің тасуынан біртіндеп 10 ауыл су астында қалуы мүмкін.

Жалпы өңірде автомобиль жолдарының ұзындығы 8998 шақырымды құрайды. Оның 1468 километрі республикалық, ал 7530-ы облыстық және аудандық маңызға ие. Қауырт мерзімде 300 шақырым жолды су шайып кетуі мүмкін екен. Сонымен қатар өңір бойынша 30-ға жуық елді-мекен мен саяжайларды су басу қаупі бар.

Асхат Бәкішев – СҚО ТЖД бөлімінің бастығы:

-Республикалық маңызға ие автожолдарда 17 көпір мен 4 жол өтпесі бар. Сонымен қатар 515 су өткізгіш құбыр орнатылған. Жалпы қауырт маусым кезінде республикалық маңызға ие 65 жол учаскесін су шаяды деген қауіп бар. Ал облыстыққа келетін болсақ, мұнда 36 көпір мен 1521 су өткізгіш құбыр орнатылды. Су астында 127 шақырымдай жері қалмақ.

Қауырт мерзім кезіндегі төтенше жағдайларды жою үшін облыста 764 бірлік техника сақадай сай тұр. Сондай-ақ, қызыл судың елді-мекендерді баспауы үшін 10 мыңнан астам инертті метриал әзірленіпті. Жалпы көктемдегі қауырт мерзімге деп облыста 277 млн 921 мың теңге қаржы қарастырылған. Бұған қосымша ретінде жуырда тағыда 300 млн теңге бөлінбек.

Алтай Тезекпаев – “СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы” ММ жетекшісі:

-Бүгінгі күні Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы 37, ал Пестрое көлінікі 60 см құрайды. Жалпы су тасқынына бізде 5 бірлік техника, 10 бірлік жүзу құралдары, 5 моторлы қайық, 2 мотопомпа дайын тұр. Сондай-ақ, 2 тонна дизельді отын, 3,5 тонна АИ-92, АИ-80 маркасінің 400 литр жанар-жағармайы бар.

Жалпы құтқарушылардың болжауынша Есіл арнасынан сәуір айының алғашқы он күндігінде асады.

 

 

Риат Шони