Елатом құрылғылар зауыты шығаратын құрылғылардың бағасы қымбаттайды

Денсаулық сақтау

14:36 16 Наурыз 2016

Надежда Титяева – емделуші:

-Алмаг құрылғысымен емделемін. Оны ауырғалы бері қолданамын. Жұмысым оңай емес, сондықтан арқам мен қол буындарым ауырады. Сол сәттерде осы аппаратты қолдансам, жақсарып қаламын. Қазір осы қондырғыны өзіме де сатып алдым. Сөйтіп, үйде де емделемін.

Бүгіндері 3-ші қалалық аурухананың физиотерапия бөлімшесінде 5 алмаг құрылғысы бар. Күніне мұнда 30 адам ем қабылдайды. Процедура 20 минут жүргізіледі.

Лариса Путятина – №3 қалалық аурухананың физиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі:

-Құрылғымен күніне 2 рет процедура жасауға болады. Оның пайдасы өте зор. Остеохандроз, буын аурулары, жүрек-қантамырлар жүйесін, тамырдың кеңеюі, неврология, басқа да қауіпті аурулардың алдын алуға және емдеуге септеседі. Бұл құрылғының тағы бір ерекшелігі, отадан кейін бір күн өткен соң аппаратты қолдана беруге болады. Еш зияны жоқ.

Елатом құрылғылар зауытында шығарылатын қондырғыларды үйде де қолдана беруге болады. Әсіресе, “Алмаг” қондырғысы сырқатынан айыққысы келетін тұрғындардың жоғары сұранысына ие. Ол адам ағзасына төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді. Қазір оны өңіріміздің барлық емдеу мекемелері қолданады.

Батима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджерi:

-Осы «Алмаг» құралының арқасында талай солтүстікқазақстандықтар дертінен айығып, сауығып кетті. Солардың бірі қазір біздің тұрақты клиентіміз болып отыр. Ол үнемі өзгелерге де біздің аппараттарды алуға кеңес береді.

Құрылғылар арнайы көрмелерде сатылады. Петропавлда олар әр ай сайын өткізіліп тұрады. Кезекті осындай шара наурыздың 16-сы мен 20-сы аралығында, Абай көшесі 96 мекен-жайында орналасқан “Биосфера” дәріханасында ұйымдастырылады. Ал сәуір айынан бастап аталмыш құрылғылардың бағасы 10-15 пайызға көтеріледі.

Магжан Ахмадина