МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданында наурыздың 1-і күні балықшы суға батып қаза тапты

Виктор Шепель – балықшы:

-Балық аулауға келгенде өте абай болу қажет. Мұздың қалыңдығы шамамен 20 см болса ары қарай бармаған жөн. Өйткені, мұз жұқалаған сайын қауіп те күшейеді. Өз өмірімде саят құрып жүріп бір рет қайықпен аударылдым. Абырой болғанда, аман қалдым.

Бүгін Виктор Шепельге төтенше жағдайлар департаментінің мамандары балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелері жазылған жаднама берді.

Жалпы, мұнда бір күнде 15-ке жуық жерлесіміз келеді екен. Тұрғындар қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан оқыс оқиғаға душар болады. Мәселен, Қызылжар ауданының Үлкен Ақкөл көлінде наурыздың 1-і күні 34 жастағы балықшы суға батып кетті. Марқұмның қайығы аударылып, арнайы құтқару киімі болмағандықтан қаза тапқан.

Сергей Черкасов – СҚО ТЖД жедел құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің бастығы:

 

-Оқыс оқиға Қызылжар ауданына қарасты екінші жылу электр станциясының маңында болды. Ашық суға балық аулауға шыққан жерлесіміз қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Ол міндетті түрде өзімен бірге құтқару киімін, арқан алу қажет болатын. Осындай рейдтер арқылы тұрғындарға айтарымыз, табиғат аясына серуендеуге шықсаңыздар абай болыңыздар.

Мамандардың айтуынша қазір мұздың қалыңдығы – 40 см. Алайда бұл адам өмірі үшін өте қауіпті. Өйткені, күн жылынған сайын мұздың асты еріп, опырылып кетуі мүмкін.

Култанов Байболат