Білім

Петропавлдық оқушы Қуанышбек Садвокасов халықаралық ғылыми-жобалар байқауында жеңімпаз атанды

Ал бұл маңызды сынаққа Қуанышбек Садвокасов еш алаңдамайды. Өйткені, ол наурыздың 2-і мен 8-і аралығында Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында өткен халықаралық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанған. Бірінші орынды иеленіп қайтқан Қуанышбекке бұл жеңіс ҰБТ-і тапсырмау мүмкіндігін беріп отыр. Яғни, жоғарғы тұғырдан көрінген оқушы бірден 125 ұпайды қанжығасына байлады.

Қуанышбек Садвокасов – “Жас ғалым” халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы:

-Мен халықаралық байқауда “Қазақстан кәрістері. Депортациялаумен демократияға дейінгі тарихи жол” атты жобамен қатыстым. Онда барлығын ағылшын тілінде түсіндірдім. Өте қиын болды.

Енді Қуанышбек еліміздегі кез келген жоғары оқу орнында өзінің профильдік пәні бойынша тегін білім ала алады. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореядағы Solbridge (Солбридж) университетіне 65 пайыздық грант ұтып алыпты. Биыл Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында 45 түлек өміріндегі ең маңызды сынақ ҰБТ-і тапсырмақ.

Айнагүл Есқалиева – Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты директорының орынбасары:

-Биылғы жылы мектепте 24 оқушы облыстық ғылыми жобалар байқауына қатысты. 14 жүлделі орынды иеленді. Ал бір оқушымыз міне халықаралық деңгейге шығып жеңіске жетті.

Енді жуырда бұл мектептің екі бірдей оқушысы Байқоңырда өтетін халықаралық ғылыми-жобалар байқауында өз бақтарын сынамақ.

 

 

Риат Шони