МТРА жаңалықтары

Петропавлда мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды түсіндіру бойынша семинар өтуде

Жанна Ғаббасова – СҚО дін істері басқармасының кадр мәселелері бойынша бас маманы:

-Біздерге кадр қызметкерлеріне осындай семинарлардың ұйымдастырылғаны өте пайдалы. Бұл – үлкен тәжірибе. Өз ісінің білікті мамандары бар білген-түйгендерін бізге үйретеді. Жалпы департамент қызметкерлері әрдайым түрлі семинарлар өткізіп, күн сайын кеңестер беріп отырады.

Соңғы уақытта тәжірибесі жоқ жастардың бірден жоғарғы лауазымдарға келуі қатты сынға алынып жүр. Ал Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңда бұл мәселе біржақты етілген. Мәселен, адам мемлекеттік қызметке орналасып, мансабын көтерілгенін қаласа, онда бұл еңбек жолында төменнен бастауы қажет.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

-Мансаптық модельдің ең негізгі артықшылығы ол қызметкер жоғарғы лауазымдарға еңбек өтілі, өмірлік тәжірибесі мол болса ғана өте алады. Яғни, жоғарғы оқу орнын бітіре салып мекемеге басшы лауазымына орналаса алмайды.

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды түсіндіруге арналған семинар Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстық департаментінде екі күнге дейін жалғасады. Шара ұйымдастырушылары жиынға 100-ге тарта қызметкер қатысады дейді.

 

 

Риат Шони