Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» диқандарды қаржыландыруды бастады

Аблан Есентаев -«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы»ҰК» АҚ СҚО өкілдігі директорының орынбасары:

-Нақты қазіргі күні берілген ақша 1 млрд 120 млн теңге. Қалған қаржы былтырғы қайтарылған сомадан бөлінеді. Олар бізге қайтарса, біз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне беретін боламыз.

Өткен жылғы көктемде мемлекет қолдауын пайдаланамын деген 167 солтүстікқазақстандық шаруаның өтініші мақұлданып, олар 4 млрд 95 млн теңге ақшалай көмекке ие болған. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы алынған қаржыны диқандар күзгі жиын-терім жұмыстары аяқталғанда қайтаруы тиіс болатын. Бірақ, әлі күнге дейін 10 кәсіпорын қарызын өтемеген.

Аблан Есентаев -«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы»ҰК» АҚ СҚО өкілдігі директорының орынбасары:

-2,4 млрд қайтарылды. Қалған 1 млрд 661 млн теңге қайтарылған жоқ. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен шартқа отырған едік, оған сай олар 1 қарашада қаржыны қайтару керек болатын. Қайтармаған 10 кәсіпорынды біз сотқа бердік.

Өткен жылы азық- түлік корпорациясы қосымша құн салығын есепке ала отыра, шаруалардан 3-ші сыныпты бидайдың тоннасын- 40-42 мың теңгеге, ал 4-ші сыныпты нанды 31 мың теңге алған болатын. Тағы 2-ші сыныпты арпаның тоннасын олар 25 мың теңгеге қабылдады.

 

 

Магжан Ахмадина