МТРА жаңалықтары

Екі қарияны өлтірген қылмыскерлер жазаланды

Сергей Викторенко – СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

-Виктор Трошихинге ҚР ҚК 192 бабы, 2 бөлігі, 1,3,4 тармағы және 99-бабтың 2-ші бөлігі, 5 тармағы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілді. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өткізетін болады. Дәл осы баптар бойынша Денис Майер де жазаланып, 12 жылын жалпы режимдегі темір тордың ар жағында өткізеді. Ал Андрей Майерге ҚК 192-бабы 2-ші бөлігі, 1,3,4, тармағы және 28 баптың 5-ші бөлігі, 5 тармағы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. 2000 жылы туылған азамат жазасын жалпы режимдегі колонияда өтемек.

Қылмысқа барған қаскөйлердің біреуі ғана 18 толған. Қалған ағайынды Майерлардың біреуінің жасы 16-ға енді жетіпті. Олар айуандықпен өлтірген Петр мен Варвара Стрельцовтардың отасқандарына 61 жыл болған. Қарттар 4 бала, 11 немере және 7 шөбере өсіріп, тәрбиелеген. Ең сорақысы сол сот процесі кезінде айыпталушылардың өздерін кінәләрін түсінуі олардың түрлеріне байқалған да жоқ. Оның үстіне жәбірленушілерден кешірім де сұрамаған.

Иван Стрельцов – жәбірленуші:

-Олар кәмелетке толмағандықтан осы жасқа қарастырылған жоғары деген жаза берілді. Әрине, сот шешіміне көңіліміз толады. Ата-анамыз өмір бойы жұмыс істеп, біздерге үлгі болатын.

Тағы қанішерлер 2 млн теңге моральдық және 250 мың теңгеден астам материалдық шығынды өтеулері тиіс.

 

 

Магжан Ахмадина