Құқық қорғау органдары

Алаяқ әйел петропавлдық зейнеткердің 300 мың теңгесін ұрлап кеткен

Бұл жаңалықты естіген қария бірден жиған-тергенін алып шығып, ақшаны алаяққа ұстатқан. Бұдан соң, келіншек зейнеткерге медициналық көмек те ұсынатынын айтқан. Алайда, ол үшін сынама тапсыру қажет дейді. Қызметтің бұл түрін де пайдаланғысы келген әжей шыны ыдыс іздеп көрші бөлмеге шығып кетеді. Осы уақытта қу әйел қаражатты қалтаға басып, қаша жөнелген. Кейін анықталғандай алаяқ келіншектің жасы 25-30 шамасында. Қазір тәрітіп сақшылары оны құрықтау үшін іздестіру шараларын жүргізуде.

Әділбек Жарасов – Петропавл қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

-Бейтаныс адамдарға сенбеңіздер. Күдік тудырса, бірден бізге хаарласыңыздар.

Сондай-ақ, полицейлер облыс тұрғындарын бейтаныс азаматтарға сенбеуге шақырады. Егер де алаяқтық фактісі орын алса, онда бірден 102 телефон нөмірі арқылы полицияға хабар беру қажет.

Айгерим Ержанова