Мәдениет

“Союз-Автор” шығармашылық бірлестігі есеп беру концертін өткізді

Алмас Айтыгешов – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 10-сынып оқушысы:

-Мен «Союз-Автор» бірлестігіне 3 жыл бұрын келдім. Бір жылдың ішінде ғана ән айту мен гитарада ойнауды үйрендім. Аида Туртаева деген педагогымыз бізді түрлі фестивальдерге апарып тұрады. Омбыға барып, жүлделі орындар да алдық.

Бұл шығармашылық ортада тұрақты түрде музыкамен 40-қа жуық адам айналысады екен. Олар шет ел асып, түрлі фестивальдарға да қатысып тұрады. Бүгінгі кеште өнерпаздар тыңдарман назарына тек өз араларында ғана айтылатын әндерді ұсынбақ. Осылайша ,бірлестік ұжымы көрерменге ішкі көңіл-күйді жеткізуді жөн көрген.

Аида Туртаева – «Союз-Автор» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі:

-Концертіміздің тақырыбын «зажгите свечи» деп атадық. Бүгінгі кеште біздің ұжым өз ортамызда айтатын әндерді орындауды жөн көрдік. Арасында сахнаға алғаш шығайын деп жүргендер де бар. Біздің ұжымға кез-келген адам келіп қосыла алады. Мұнда музыкаға үйрену мүмкіншілігі бар.

Енді сәуір айында «Союз-Автор» ұжымы халықаралық деңгейдегі үлкен фестиваль өткізуді жоспарлап отыр. Бұл сайысқа Қазақстаннан өзге, Ресей мен Қырғызстан елдерінен де өнерпаздар жиылмақ.

 

 

Айгерим Ержанова