Спорт

“Қуаныш” ВК Ел чемпионатының соңғы кезеңіне дайындалуда

Айдана Орынтаева, «Қуаныш» ВК ойыншысы:

-Біз Астана қаласындағы ойындардан үшінші орын алдық. Басты қарсылас -көшбасшы командалардың бірі Қостанайлықтар. Оларды осы жолы 3-0 есебімен ойсырата жеңдік.

Чемпионаттың келесі кезеңі «Қуаныш» ВК үшін шешуші болмақ. 24-ші ел чемпионатын жергілікті волейболшылар үздік үштіктің құрамында аяқтаудан үмітті.

Азамат Есимов, «Қуаныш» ВК бас бапкері:

-Астанада өткен кезеңде қыздар жоғары нәтиже көрсетті. Чемпионаттың көсбасшылары саналатын Астана және Қостанай қалаларының командаларын 3-0 есебімен жеңді. Жалпы дүбірлі додаға еліміздің 6 командасы қатысуда. Қазір бірінші орында 53 ұпаймен алматылықтар тұр. Қостанайдыкілерде – 48, бізде – 42 ұпай. Қазір жатпай-тұрмай дайындалып жатырмыз.

Астанада өткен 4-ші турдан жақсы нәтижемен оралған «Қуаныш» ВК қазір келесі кезеңге тынбай дайындалу үстінде. 5-ші тур Қостанай қаласында сәуірдің 1-8 аралығында өтпек.

 

 

Акбопе Танирберген