МТРА жаңалықтары

Петропавлда «KazakhStan for peace» ұйымының тұсауы кесілді

Гүлмира Бейсенбина – СҚО дін істері басқармасы конфессияаралық қатынасты дамыту және талдау орталығы бөлімінің дінтанушысы:

-Мен тренинг арқылы жастарға психологиялық манипуляцияға қалай тез түсіп қалатындықтарын дәлелдеймін.

Бұл қозғалыстың мүшелері өз жұмысын Петропавлда да тиімді жүргізуді жоспарлап отыр. Спикерлер өз қатарластарына ұлттық құндылықтарымызды түсіндіріп, теріс діни ағым мен дәстүрлі діннің аражігін қалай ажыратуға болатынын үйретпек.

Азиза Жұмағалиева – СҚО дін істері басқармасы конфессияаралық қатынастың дамуы және орталық сараптамасы бөлімінің басшысы:

-Арнайы тренингтер мен семинарлар ұйымдастырамыз. Ақпараттандыру арқылы, діни экстремизмге қарсы тұратын қоғам қалыптастырамыз.

Айту керек, жыл соңына дейін спикерлер қатары тағы да 30 адаммен толығады.

 

 

Айгерим Ержанова