Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ түлектерінің 80 пайызы жылда тұрақты жұмыс табады

Оңдасын Әшімов – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:

-М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-і білім сапасы жағынан еліміздегі ЖОО-дарының арасында 12-ші орында. Оқу ордасы осы күні АҚШ, Ұлыбритания, Чехия, Ресей, Литва сынды алыс-жақын шетелдердің 73 ЖОО-нымен тығыз әріптестік орнатқан. Бүгінде Болон декларациясы негізінде Омбы облысында 4 студент тағылымдамадан өтіп жүр.

Оқу ордасының басшылығы еңбек нарығына ұдайы мониторинг жүргізіп, сұраныстағы кадрларды даярлауға тырысады. Оңдасын Әшімовтың мәліметінше, жылда түлектерінің 80 пайызы орнықты жұмыс табады.

Оңдасын Әшімов – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:

 

-Соңғы үш жылда нарықты білімді мамандармен қамту үлесі 76 дан 83 пайызға көтерілген. Жергілікті білім ошағы түлектерді еңбекпен қамту көрсеткіші бойынша 7 университетттің қатарына енді.

Бірақ бүгінде журналистерді басқа мәселелер алаңдатуда. Келешекте мектеп оқушыларына шетел тілдерінде сабақ беретін пән мұғалімдерінің даярлық барысы қызықтырды. Оңдасын Әшімов педагогтар шетелдерде тағылымдамадан өтуі мүмкін деді. Артынша, мамандарға сұраныс жайы талқыланды. Спикер қазір жастар техникалық және тар көлемдегі мамандықтарға бет бұрғандығын айтты.

2014 жылдан бері “Серпін” бағдарламасы аясында университетке 420 талапкер қабылданыпты. Барлығы ОҚО-нан келген. Келешекте түстіктен келген қандастарымыз жолдама бойынша ауылдарға барады деп күтілуде. Осы күні университеттегі студенттердің саны аз. Ректор бұл 90-шы жылдардағы экономикалық тоқырау мен демографиялық ахуалдың салдары деді. Оңдасын Әшімовтің айтуынша, 2017 жылы студенттердің қатары артады.

Берік Қасен