Білім

Көктайғаққа байланысты оқушылар сабақтан босатылатын болды

Татьяна Протопопова – Петропавл қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары:

-Биылғы жылы ақпан айында біз қала мектептерінде көктайғаққа байланысты бір рет оқушыларды сабақтан босаттық. Жалпы сабақтың болмайтындығы жайындағы ақпарат бірінші ауысымдағы оқушылар үшін күні бұрын кешкі сағат 8-ге дейін жүгіртпе жолында, радиода, білім басқармасы мен 169 ақпарат қызметінде жарияланады. Ал екінші ауысымдағылар сағат күндізгі бірге дейін құлақтандырылуы тиіс.

 

Риат Шони