МТРА жаңалықтары

Елімізде “Шапағат” республикалық байқауына қатысуға өтініштер қабылданып жатыр

Салтанат Құлжанова – Өнертабыс саласындағы республикалық “Шапағат-2015” байқауының жеңімпазы, Қызылжар ауданы:

-Қолда бар нәрселерден құрылғылардан жасауға болады. Соның ішінде велосипедттен де болады. Біздің макетіміз өте қарапайым. Және әр адам істей алады. Бұрындары жарық болмайтын, сол себептен осындай ой келді маған.

Бүгінде жерлес өнертапқыштың қолынан шыққан энергия көзі көлік акуумуляторын қуаттауға және 12 ваттық теледидарды көруге мүмкіндік беруде. Жалпы дәстүрлі “Шапағат” конкурсы әр жылы қаңтар мен сәуір айлары аралығында өткізіледі. Байқау “Жыл өнертабысы”, “Әйел-өнертапқыш”, “Ең жас өнертапқыш” және “Жас дарын” атты 4 түрлі аталымды қамтуда. Ауқымды жарысқа былтыр әр облыстан 200 үміткер өз жобасын ұсынса, жүзден жүйрік атанғандары қомақты ақшалай сыйақыларға ие болған.

Марина Терехина – ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Петропавл қаласы бойынша филиалының директоры:

-Байқау жеңімпаздары Астана қаласында марапатталады. Олардың әрқайсысына диплом мен ақшалай сертификаттар табысталады. Жобаларды іріктеуді Әділет министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссия мүшелері жүргізеді. Конкурсанттарға қойылатын басты талап әр жоба бірі-біріне ұқсамаулары қажет.

Қазір өнертабыс саласындағы республикалық “Шапағат-2016” байқауына қатысатын қазақстандық өнертапқыштартардан өтінішер қабылдану үстінде. Әзірге бұл сында бағын сынауға 5 солтүстікқазақстандық тілек білдіріпті.

 

 

Бакыт Садуакасов