Денсаулық сақтау

Салық шегерімдері арқылы медициналық қызметтің бір бөлігін өтеуге болады

Лилия Әбілева – СҚО мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы жөніндегі басқармасының басшысы:

-Мәселен, жұмысшы 100 мың теңге жалақы алады делік. Одан 10 пайыз зейнетақы жарнасын аламыз. Кейін ол сомадан ең төменгі жалақы мөлшері – 22859 теңге шегерілсе 67 141 теңге қалады. Егер жұмысшыға көрсетілген медициналық қызмет 70 мың теңгені құраса, онда бүкіл жалақысының үстіне 3 мың теңгені қосып төлеуі тиіс. Сонда жұмысшының жеке кіріс салығына ақшасы қалмайын деп тұр.

Айта кеткен жөн, салық шегерімі арқасында жұмысшы кез келген медициналық көмекке жүгіне алады. Алайда, заңнамада косметологиялық қызмет көрсету енгізілмеген.

Лилия Әбілева – СҚО бойынша салық департаменті түсіндіру жұмысы жөніндегі басқармасының басшысы:

-Салық шегерімі бойынша косметологиялық қызмет көрсетілмейді. Мәселен, еңбек адамы тісін түзету үшін брекет орнатты делік. Бұл косметологиялық қызмет болғандықтан емге жұмсаған қаражаттың бір бөлігін қайтару мүмкіндігі жоқ.

Елімізде салық шегерімі арқылы медициналық шығынның бір бөлігін өтеу бұрыннан бар. Алайда, кейбір тұрғындар бұл заңнамамен таныс болмай шықты.

-Мен салық шегерімі арқылы медициналық шығынның бір бөлігін өтеуге болатынын білмедім. Алдағы уақытта емделген жағдайда бұл мүмкінідкті міндетті түрде пайдаланатын боламын.

-Өз басым бұл жаңалықты естімедім. Егер барлығы дәл осылай болса тұрғындар үшін ауруханада емделу біраз жеңілдейді.

Жалпы жұмыс беруші қызметкеріне медициналық қызмет шығындары үшін 1 жылға деп ең төменгі жалақының 8 айлық нормасын төлейді. Яғни, ол 182 872 теңгені құрайды.

 

 

Култанов Байболат